Bugin

Алматыда карантин енгізу керек пе – эпидемиологтар жауабы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық эпидемиологтар инфекцияның жаңа толқынын болдырмау үшін «Алматыға карантин қажет пе» деген сұраққа жауап берді, деп жазады Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарман қазір елде, негізінен BA-2 және BA-3 нұсқалары айналыста екенін айтты. Мұның бәрі «омикрон» штамының нұсқасы. Қазір АҚШ пен Еуропа елдерінде «омикрон» нұсқалары басым - BA-3, BA-4, BA-5. Ғалымның айтуынша, олар өте жұқпалы, бірақ ауру жеңіл өтеді. Алайда қарттар мен созылмалы аурулары бар науқастарда асқыну қаупі жоғары.

«Әрине, оларды әлі де бақылауымыз керек, бірақ қазір бұл дельта штамының нұсқалары сияқты агрессив емес екенін көруге болады. Алдағы уақытта адамдар ауруханаға көп түсіп, ауыр жағдайлар көбейсе, әдеттегі карантин шараларын қолдану қажет болады, бірақ қазіргі уақытта карантин туралы айту ерте», - деді Алмаз Шарман.

School of Medicine Caspian University профессоры, эпидемиолог Рафаиль Қыпшақбаев та осыған ұқсас пікір білдірді және коронавирус жұқтыру күрт өскеніне қарамастан, ауыр науқастар мен жасанды тыныс алу аппаратына қосылған адамдар туралы ақпарат жоқ екенін атап өтті. Бұған дейін Қыпшақбаев коронавирус қыс мезгіліндегі тұмау сияқты, әлсірейтін немесе үдейтін маусымдық ауруға айналуы керек екенін айтқанын еске салды.