Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркия президенті кеңсесінің сайтына сілтеме жасап.
Сириядан басқа, Украина-Ресей жағдайы да талқыланғандығы айтылды.
- «Қара теңіз арқылы астық экспорттау үшін қауіпсіз дәліздерді құру мәселелері талқыланды. Президент Ердоған Сириядағы шекаралық механизмнің кеңеюіне де ерекше мән беретінін айтты», - делінген хабарламада.
Ердоған Украина мен Ресей арасындағы жағдайды келіссөздер арқылы шешу керектігін тағы да айтты. Ол Түркияның бұрынғыдай келіссөздер үдерісін жандандыруға кез келген үлес қосуға дайын екенін баса айтты.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61