Bugin

Марғұлан Сейсембаев Назарбаевтың қазір қайда жүргенін айтты (видео)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық миллиардер және қоғам қайраткері Марғұлан Сейсембаев белгілі украин журналисі Дмитрий Гордонға берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың қайда екені туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сейсембаев Назарбаевтың қайда екенін сұрағанда, ол Нұр-Сұлтанда жүр деп жауап берді.

- «Ол Астанада, оның Астанада не Дубайда екенін бірден анықтау қиын. Бірақ ол Астанда бой көрсетіп жүр. Менің ойымша, оған қазір ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ол елді еркін аралап жүр» - деп жауап берді миллиардер.

Содан кейін Назарбаевтың жеке бас бостандығына қандай да бір бұзушылықтар бар-жоғын түсіндірді.

- «Тұлға бостандығы жоқ, бірақ отбасы біртіндеп шығынға ұшырап жатыр. Кенеттен оның отбасы мүшелерінің құлшынысы көтеріліп, мемлекетке ірі компаниялардың акцияларының көлемді пакеттерін сыйға тарта бастады. Немере інісі түрмеде, оның әйелі түрмеде, көптеген адамдарға, олардың туыстарының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Талай дүние-мүлік елге қайтарылып жатыр, бірақ мұның бәрі өркениетті, әдемі, сыйлық түрінде жүзеге асып жатыр. Міне, осындай жомарттықтары ұстап жатыр, оған да көндік. Олар өз еркімен елді талан-таражға салу жеткілікті, барлығын қайтару керек деп ойлап, қайтарып жатыр. Біз осындай елміз» - деп түйіндеді сөзін Марғұлан Сейсембаев.