Әлем

ДДСҰ ресми деңгейде үшінші жынысты мойындамақ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гендерлік есепке алу жөніндегі нұсқаулықты жаңартуды жоспарлауда. Бұл туралы ұйымның ресми мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Құжат авторлары өз шешімін тек әлеуметтік-қоғамдық өмірде ғана емес, денсаулық сақтау саласында да қолдану арқылы түсіндірді. Өзгерістер 2011 жылы жарияланған және денсаулық сақтау қызметкерлері қолданатын гендерлік ұсыныстарға әсер етеді. ДДСҰ-ның жаңа ұсыныстарында не айтылатыны әлі белгісіз, бірақ агенттік өз сайтындағы өзгерістердің себептерін түсіндірді.

– «ДДСҰ басшылығы гендерлік және жыныстық әртүрлілікті немесе гендерлік сәйкестілік континуумда болатын жынысы еркек немесе әйелмен шектелмейтін ұғымдарды мойындайды», – делінген хабарламада.

Daily Mail басылымында медициналық сарапшылар бұл қадамды «алаңдатарлық жағдай» деп бағалады. Ковентри университетінің акушерия маманы, профессор Дженни Гэмбл ДДСҰ-ның әрекетіне қатысты пікір білдірді.

– «Негізгі биологиядан бас тарту – қателік. Биология денсаулық пен ауруды анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Биология негіздерін нақты түсінбеу бірқатар мәселелерге, сондай-ақ деректердің бұрмалануына жол ашады», – деді ол.