Bugin

«Өлім көбеюі мүмкін»: ДДСҰ әлем халқын қайтадан бетперде тағу режиміне оралуға шақырды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлемдегі барлық елдің үкіметтерін бетперде тағу режимін қайтаруға шақырды, деп жазады Bugin.kz порталы.

Хабарламада COVID-19 қазір еркін тарап жатқаны және бүкіл әлемде өлім-жітімнің көбейе бастағаны айтылған.

ДДСҰ Бас директоры әлем тұрғындарын анти-ковидтік шараларға оралуға шақырды.

Оның пікірінше, коронавирустың Omicron штамының түрлері бүкіл әлемдегі жағдайлардың артуына, сәйкесінше тағы бір жаңа толқынның пайда болу ықтималдылығына түрткі болып жатыр. Мұндайда ауруханалардың науқастарға толу, өлім-жітімнің көбею ықтималдылығы өте жоғары.