Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Алматы облысы Балқаш ауданындағы Топар ауылының тұрғындары сусыз қалғандарын айтты. Адамдар ғана емес, мал да, егін де қырылады. Бұл туралы Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауыл тұрғындары олардың мәселесінен барлық мемлекеттік органдар хабардар деп отыр. Алайда үш жылдан бері шешімін таппай келеді. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Топарда тұратын, дәлірек айтсақ, аман қалған екі мың адамның жағдайына назар аударуды өтінген видео үндеу жазды.
Жергілікті әкім су мәселесін шешеміз деп уәде бергенімен, көп ұзамай уәдесін ұмытып, қазір ауыл тұрғындарының айтуынша, олардың арыздары мен арыз-шағымдарына мүлдем үн қатпайды.
Топар ауылының мәселесі өткен жылдың өзінде-ақ жазылып, түсірілген болатын. Ол Топар өзенінің тайыздануымен байланысты.
«Қазір өзен сағасында тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Іле өзенінің көлемін сақтау мақсатында Қытаймен де келіссөздер жүргізілуде», - деді 2021 жылдың сәуірінде «Хабар 24» телеарнасына Алматы облысының экология департаментінің басшысы Ерасыл Бекжанов.
«Хабар 24» арнасының бір жыл бұрын тараған хабарында Қапшағай су қоймасынан Іле өзеніне секундына 200 текше метр су төгілетіні айтылған. Мамыр айында бұл көлем шамамен екі есеге артады. Сонда Топардағы су деңгейі көтеріледі дейді мамандар. Және олар аймақты сумен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу үшін Аспан империясымен халықаралық келісімдер қажет екенін баса айтты.
Ал, арада бір жылдан астам уақыт өтсе де, ауыл тұрғындарының мәселесі шешілген жоқ. Мұндай жағдайларға төтеп бере алмаған кейбір тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр.