Bugin

Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» акцияларын мемлекетке қайтарды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстан қаржы нарығындағы «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің тізімі жаңарды. «SKYLINE INVESTMENT COMPANY S.A.» жеке компаниясы 1 шілдеден бастап «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің тізімінде жоқ, деп жазады Bugin.kz порталы.

Оның орнына Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті акционер атанған. Енді елдің басты телекоммуникациялық компаниясының акцияларын бөлу төмендегідей тәртіппен жүзеге аспақ:

– «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – 45,90%;

– «ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ – 25,42%;

– The BANK OF NEW YORK Mellon DRS (номиналды ұстаушы) – 8,62%.

Осылайша «Қазақтелеком» АҚ-тың 70 пайызы мемлекет меншігіне өтті.