Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]АҚШ-тың келесі президенті лауазымына үміткерлердің бірі бұрынғы бірінші ханым Мишель Обама болуы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz порталы Fox News арнасының жүргізушісі Джесси Уоттерске сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист мұндай ұсынысты Америка көшбасшысы Джо Байденнің танымалдылығының күрт төмендеуі аясында алға тартқаны атап өтілген. Жүргізушінің айтуынша, 2024 жылғы сайлауда Демократиялық партия атынан кім қатысады деген мәселе күн тәртібінде тұр.
Уоттерс Мишельдің жақында американдық телеарналарда өз кітабын жарнамалап қайта пайда болғанын еске салды және ол елдегі қазіргі жағдайды да сынға алды. Жүргізушінің айтуынша, бұрынғы бірінші ханым белгілі бір себеппен пайда болған. Журналист Обама осылайша президенттік сайлауда өз кандидатурасын ұсынғысы келеді деп санайды.