Bugin

Айуандықпен өлтірілген миллиардерлер (фото)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Адамдардың бір пайызы дүние жүзіндегі байлықтың шамамен 44 пайызын басқарады екен. Ақша адамға күш-қуат бергенімен, қауіпсіздігіне кепілдік бола алмайды. Дүние жүзіндегі ең бай адамдардың көпшілігінің өмірінің соңы қорқынышты аяқталды. Ендеше қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан әлемдегі ең бай адамдар тізіміне үңілсек.  

Селена Квинтанилла-Перес 

Селена Квинтанилла-Перес - Селена деген атпен танылған, Латын Америкасының музыканты және халықаралық деңгейде танылған жұлдыз еді. Әлемде оның жанкүйерлері өте көп болды, соның ішінде Йоланда Салдивар есімді әйел оған қатты қызыққан еді.  

Салдивар Селенаның өнерін жақсы көргені сонша, оның атынан фан-клуб ашады. Бұл оның Селенамен кездесуіне және әншімен тығыз байланысты болуына көмектескен еді. Салдивар фан-клубтың президенті болып, Селенаға тиесілі бутиктерді басқара бастағаннан кейін, жұлдыз Салдиварды фан-клуб пен бутиктерімді тартып алды деп кінәлап, одан күдіктене бастады. 

Селена бұл айыпты Салдиварға 1995 жылы 31 наурызда қонақүй бөлмесінде таққан еді. Бұған жауап ретінде Салдивар Селенаны арқасынан атып өлтірді. Жиырма үш жастағы Селена оқиға орнында көз жұмып, кінәлі көп ұзамай қамауға алынды. 

Салдивар мылтық кездейсоқ істен шыққанын айтып, ақталғысы келген еді, алайда билік оған сенбей, Селенаны өлтірді деп айыптады. Салдивар 1995 жылдың қазан айында өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Селена қаза болған кезде оның байлығы шамамен 10 миллион долларға бағаланған еді. 

Ричард Оланд 

Олландтар - Канададағы ең бай отбасылардың бірі. Олар Moosehead сыра қайнату зауытын1867 жылдан бастап басқарды. 69 жасында қайтыс болған Ричард Оланд сыра зауытындағы қызметін тастап, өзінің жеке кәсібіне кірісіп, басқа да бірнеше табысты кәсіпорындар аша бастаған еді. 

2011 жылы 7 шілдеде хатшысы оны өз кеңсесінде ұрып өлтірген. Ол кезде оның көліктік және инвестициялық компанияларындағы жердің құны шамамен 37 миллион долларды құраған еді. Ұлы Деннис осы іс бойынша қамауға алынып, Ричардты өлтірді деген айып тағылған еді. Деннистің негізгі мотивациясы қаржылық қиындықтар деп есептелді. 

Бірінші сот отырысында ол екінші дәрежелі кісі өлтірді деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Алайда, қайта қараудан кейін ол нақты сот-медициналық дәлелдемелердің болмауына байланысты кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде, кісі өлтіру ашылмай қалды. 

Джанни Версаче 

Итальяндық сән магнаты Джанни Версаче қайтыс болғаннан кейін де сән әлемінің ең ықпалды тұлғаларының бірі болып қала берді. 1978 жылы ол Gianni Versace SpA компаниясын құрды және көмек үшін бауырларын компанияға тартқан еді. Содан бері Версаче атақты модельдермен жәнежұлдыздармен тығыз байланыста болып, сән индустриясында төңкеріс жасады. 

Өкінішке орай, ол 1997 жылы 15 шілдеде 27 жастағы өлтіруші Эндрю Кунананның қолынан қаза тапты. 50 жасында Версаче Флоридадағы үйінің алдында атып өлтірілді. Ол Куананның үш айда өлтірген бесінші адамы болды. Оның Версачеге шабуыл жасау себептері белгісіз. 

Куанан Версаче өлтірілгеннен кейін сегіз күннен соң өз-өзіне қол жұмсады. Сериялық өлтіруші өз әрекетіне ешқандай жазба немесе басқа да түсініктеме қалдырмаған. Оны өлтіру кезінде Версаче империясының құны 807 миллион доллар болды. 

Джон Леннон 

The Beatles тобының әншісі ретінде танылған Джон Леннон әлемдегі ең танымал және ықпалды адамдардың бірі болды. Бұл атақ The Beatles 1970 жылы таратылғаннан кейін және Леннон өзінің жеке мансабын бастағаннан кейін де жалғасты. Оның даңқы Марк Дэвид Чэпмэнның да назарын аударды. Марк Дэвид әлемдегі бірінші адам өзі болғысы келді. Сол мақсатына жету үшін Леннонды өлтіруді шешті. 

1980 жылы 8 желтоқсанда Чэпмэн Леннонның үйіне тапаншамен барып, оны атып өлтірген. Леннонға бірнеше рет оқ тиіп, 80 пайыз қан жоғалтып, ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Ол қайтыс болған кезде Леннонның байлығы шамамен 200 миллион долларға бағаланған. 

Эдуард Стерн 

Эдуард Стерн Франциядағы ең бай адамдардың бірі болды. Ол отбасылық банкін сату және өзінің IRR Capital инвестициялық фирмасын құру арқылы шамамен 1 миллиард долларға жуық байлық жинады. Ол Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозимен де жақын дос болған. 

2005 жылдың 28 ақпанына қараған түні 50 жастағы Стернді қонақүй бөлмесінде жұбайы Сесиль Броссард атып өлтірді. Көп ұзамай Броссард тұтқынға алынып, сотқа тартылды. Ол кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, сегіз жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол бес жыл қамауда болып, 2010 жылы бостандыққа шықты.  

Барри және Хани Шерман  

2017 жылдың 15 желтоқсанында канадалық миллиардерлер Барри мен Хани Шерман Торонтодағы үйінен өлі күйінде табылды.   

Полиция бастапқыда 75 жастағы Барри Шерман 70 жастағы әйелін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады деп жорамалдаған. Алайда қосымша тексеруден кейін екеуін де белгісіз біреу өлтіргені белгілі болды. 

Барри Шерман отбасының байлығын Apotex фармацевтикалық компаниясы арқылы тапқан. 3,2 миллиард долларлық байлығымен ол қайтыс болған кезде ең бай канадалықтардың ішінде 12-ші орынды иеленді. Бүгінгі күнге дейін бұл іс ашылмаған күйінде қалып отыр.  

Хелен Пастор 

Кезінде Монакодағы ең бай әйел болған Хелен Пастор 2014 жылы қайтыс болған кезде елдегі тұрғын үй қорының 15 пайызын басқарған еді. Ол итальяндық тас қалаушы Жан-Батист Пастордың тікелей ұрпағы болды. Жан-Батист ұлы Гилдомен бірге бизнес империясын құрды, нәтижесінде отбасы Монако корольдік отбасынан кейін екінші орынға шықты. 

77 жастағы Хелен Пасторға 2014 жылы 6 мамырда шабуыл жасалып, ол және оның жүргізушісі шолақ мылтық ұстаған ер адамның шабуылына ұшырады.   

Оқиғаны тексере келе атақты кәсіпкерге қастандық жасаған адам Пастордың қызы Сильвиямен азаматтық некеде болған поляк дипломаты Войцех Яновский болып шықты. Яновский Хелен Пастордың мұрасын иемденуді жоспарлаған.   

Пастор қайтыс болған кезде оның байлығы 3,7-ден 25 миллиард долларды құраған еді. Осы оқиғадан кейін Яновский өмір бойына бас бостандығынан айырылды.