Bugin

Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы туралы фейктер неге көбейді?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

РФ СІМ Ақпарат және баспасөз департаменті директорының орынбасары Иван Нечаев әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына қатысты фейктер көбейгенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығына қатысты фейктердің күрт өскенін байқадық. Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа дақ түсіргісі келетіндер көп екенін жоққа шығармаймын. Бұлардың мақсаты көрші екі елді араздастыру", - деді РФ Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде 6-7 жылдан кейін қазақстандық мектептерде орыс тілінде оқытатын сабақтар тоқтатылады деген ақпарат тараған болатын. Кейін бұл ақпаратты министрлік жоққа шығарды.