БІЛІМ

«Өзін-өзі тану» міндетті пәндер тізімінен шығарыла ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы бұйрықты жоюды ұсынды. Демек пән жалпыға міндетті мектеп бағдарламасынан алынуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.

2022 жылдың ақпан айында министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті бағдарламадан алып тастап, факультативтік пәндер санатына көшіруге ниетті екенін мәлімдеген. 

Енді пәннің міндетті емес екенін білдіретін мәртебесі заңмен бекітілмек.