Әлем

Өзбекстан президенті Путинмен не туралы сөйлесті?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресей президенті Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Bugin.kz  порталы Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қыркүйекте Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне дайындық мәселесін талқылады.

«Ресей Президенті Владимир Путин мен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің телефон арқылы сөйлесуі барысында Ресей-Өзбекстан ынтымақтастығын одан әрі дамыту, сондай-ақ Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындық мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.