Bugin

Елімізде бензин мен дизель отынының қоры қанша?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҚР Энергетика министрлігі еліміздегі бензин мен дизель отынының қанша қоры бар екенін хабарлады. Өндірілген мұнай өнімдерінің және мұнай базаларындағы, жолдағы көлемдер күн сайынғы қор ретінде есептеледі.

«Күн сайынғы қор көрсеткіші дегеніміз – бұл  толықтырылып отыратын көлемдер болып табылатын индикативтік көрсеткіштер және аталған күндер өткеннен кейін  мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу тоқтайтындығын білдіретін көрсеткіштер/факторлар болып табылмайды, жоғарыда аталғандай, мұнай өңдеу зауыттарында тәулік бойы мұнай өнімдерін өндіру мен тиеу процесстері тоқтамай, штаттық режимде жұмыс жасап тұратындығын ерекше атап өтеміз», - деген ақпаратта

Ағымдағы жылдың «23-тамыз сағат  18:00 дейін келіп түскен ақпаратқа сәйкес, еліміздегі мұнай базаларындағы және жолдағы АИ-92 бензинінің жиынтық қоры 183,3 мың тоннаны, ал дизель отынының қоры 221,7 мың тоннаны құрап тұрғандығын хабарлаймыз»,-деп ақпарат түйінделген..