Спорт

Қазақстан Азия чемпионатынан жеті медаль жеңіп алды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстан таэквондодан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Таэквондодан кадеттер арасындағы Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан қоржынына түрлі номинациядағы жеті медаль түсті», - деп хабарлайды Қазақстан федерациясының баспасөз қызметі.

Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан турнирде Мырзағали Сұрановтың шәкірттері үш алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.