Қоғам

Президент елімізде атом сынағы ешқашан болмайтынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні Президент атом сынағы туралы пікір білдірді.

«Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күннің бүкіл адамзат үшін мән-маңызы айрықша. Қасиетті қазақ жері атом сынағынан орасан зор зардап шекті. Мұндай қасірет ешқашан қайталанбауы керек. Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады»,-деді мемлекет басшысы.