Bugin

Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысынан жауап алынды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты іс бойынша жауап алды Қаңтар оқиғасы бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы, президенттің бұрынғы кеңесшісі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алды», —  делінген ресми хабарламада.

Ведомство тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жариялауға жатпайтыны хабарланған.

Ақпан айынан бері Президенттің кеңесшісі болған Ерлан Тұрғымбаев 17 тамызда қызметінен кеткен болатын. Оған дейін үш жыл Ішкі істер министрлігін басқарған.