Bugin

Samsung қиындыққа тап болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Samsung компаниясы қазіргі уақытта Galaxy Z Fold және Galaxy Z Flip жиналмалы смартфондарын өндіруде ультра жұқа шыны (UTG) пайдаланады, бірақ ол үлкен экранды құрылғыларға жарамайды.

Сарапшылардың пікірінше, OLED дисплейі бар жиналмалы планшеттер мен ноутбуктердегі UTG сыртқы әсерлерге төтеп бере алмайды.

Жиналмалы смартфондардың экраны диагональ бойынша 7-8 дюймді, ал планшеттер мен ноутбуктердің дисплейі 10-20 дюймді құрайды. Сондықтан Samsung инженерлері жаңа материал іздеуге мәжбүр.Инсайдерлердің айтуынша, компания мөлдір полиимидті пленканы қолдануы мүмкін. Samsung бұл материалды 2019 жылы шыққан түпнұсқа Galaxy Fold смартфонында пайдаланды, бірақ кейінірек одан бас тартты.