Bugin

Сбербанк сатылды: Банк тұтынушылары енді не істейді?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Қазақстандағы Сбербанктің еншілес банкінің барлық үлесін сатып алу-сату жөніндегі мәмілені ды. Бұл туралы  Bugin.kz порталы «Бәйтерек» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттарда жасалғаны және барлық қажетті реттеуші мақұлдауларды алғаны атап өтілді.

«Банк клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады, қолданыстағы клиенттер үшін банк өнімдерінің барлық шарттары өзгеріссіз қалады.

«Бәйтерек» холдингі банктің елдің қаржы жүйесі үшін маңыздылығын жоғары бағалайды. Сбербанк Қазақстан қолда бар заманауи инфрақұрылым мен технологиялар өз қызметін толық жүзеге асыруға және ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Холдингтің пікірінше, мәміле банкке белсенді операцияларды толығымен қалпына келтіруге, депозит жинауға және төлем жасауға, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Жақын арада Сбербанк Қазақстанды ребрендингтеу жоспарлануда.

Сондай-ақ «Бәйтерек» холдингі банктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және қолданыстағы және жаңа банк клиенттері үшін банктік қызметтерді жақсарта түсетінін мәлімдеді.