Әлем

Барак Обама Эмми сыйлығын жеңіп алды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Netflix арнасының «Біздің Ұлы Ұлттық саябақтар» фильміндегі баяндаушы рөлі үшін телевизия Эммиін жеңіп алды. Оның багажында екі Грэмми музыкалық жүлдесі бар. Жеңімпаздар тізімі академияның сайтында жарияланған,. Бұл туралы Bugin.kz порталы Gazeta –ға сілтеп хабарлайды.  

Енді АҚШ-тың бұрынғы көшбасшысы төрт марапатқа ие болған EGOT атануына аз қалды.  Яғни бұл атауды алу үшін Эмми, Грэмми, Оскар және Тони сыйлықтарын иемдену керек.

Обама Эмми сыйлығын алған екінші президент болды. Бұл сыйлықты алған алғашқы АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр болды. Шығармашылық қоғамдастықта танымал болған АҚШ-тың басқа көшбасшылары арасында Билл Клинтон (2 Грэмми мүсіні) және Джимми Картер (2 Грэмми мүсіні) алған.