Bugin

Жыл соңына қарай 101 елде тәртіпсіздіктер болуы мүмкін - Bloomberg

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Еуропалық Одақ елдерінде энергия бағасының көтерілуі аясында жаппай тәртіпсіздіктер ықтималдығы артып келеді. 2022 жылдың үшінші тоқсанында әлемнің 101 елінде қоғамдық тәртіпсіздік қаупі артады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі британдық Verisk Maplecroft консалтингтік компаниясының зерттеулеріне сүйене отырып хабарлады.

Сарапшылардың пікірінше, 198 елдің 101-інде халық наразылығын арттыруы мүмкін. Сонымен бірге бұл тәуекел 42 елде азайған. Агенттіктің мәліметінше, Еуропалық Одақ елдерінде энергия бағасының өсуі аясында қоғамдық тәртіпсіздіктер ықтималдығы артып келеді.

Дамушы елдерде азық-түлік бағасының көтерілуіне және жаһандық азық-түлік дағдарысының қаупіне байланысты наразылық шаралары күшеюі мүмкін. Күз бен қыста энергетикалық дағдарыс Еуропада өмір сүру құнын арттырады деп күтілуде. Құрғақшылық пен ауыз су тапшылығы азық-түлік бағасының өсуіне және көптеген елдерде толқуларға әкелуі мүмкін.