Спорт

Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы халықаралық турнирде 11 медаль иеленді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бокстан еліміздің әйелдер құрамасы Польшадан өткен халықаралық турнирде 11 медаль иеленді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық турнирде Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Валентина Хальзова күміс жүлдегер атанды.

Үздік үштікке Балауса Муздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сания Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мәдина Нұрашева ілікті.