Bugin

Армения өте маңызды мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Армения Әзірбайжанның шекарадағы агрессиясына байланысты Ресей Федерациясына, ҰҚШҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ресми түрде шағымдануға шешім қабылдады. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Новости-Армения» сайтына сілтеме беріп хабарлайды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, оған Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерінен бөлек, президент Ваган Хачатурян мен Ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонян қатысты. Бұл туралы бір сағат бұрын үкіметтің Facebook парақшасында хабарлама жарияланды.

«Арменияның егеменді аумағына жасалған агрессияға байланысты Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелерін орындау мақсатында Ресей Федерациясына, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына және БҰҰ-ға ресми түрде жүгіну туралы шешім қабылданды. Қауіпсіздік кеңесі», - делінген хабарламада.

Армения қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 13 қыркүйекте таңғы сағат 00:05-те Әзербайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері Сотк, Варденис, Горис, Капан, Артаниш, Ишханасар бағытында артиллерия мен ірі калибрлі зеңбіректерден армян позицияларын қарқынды атқылай бастаған.