ДЕНСАУЛЫҚ

«Жалған дәрігердің» ісі: шоумен 6,5 мың шала туған нәрестені қалай құтқарған?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өмір – мүмкіндік. Біреуге ұзақ, біреуге қысқа уақыт шеңберінде шедевр жасауға мүмкіндік бар. Уақытынан ерте туылып, салмағы 500 грамм болатын нәрестелер қазір өмір сүріп кете алады. Өткен ғасырдың басында жағдай мүлдем басқаша болды. Медицина аз салмақты нәрестелерді назардан тыс қалдырып, шетінеп кетуіне жол беретін. Мартин Коуни жағдайды мүлде бөлек формада өзгертіп, балалардың өмір сүру сапасын арттырды.  Ғаламда жыл сайы 15 миллион нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келеді.

Өткен ғасыр медицианасы шала туылған балалардың басым бөлігінің өмір сүру аясын тарылтатын. «Ғажайып дәрігердің» кейпі бөлек зерттеуінің арқасында 37 аптаға жетпей туылған нәрестелер өмір лотореясынан джекпот ұтып, қалыпты адамдардай күн кешті.  ХХ ғасырда мерзімінен бұрын туылған балаларда өмір сүруге арнайы мүмкіндік болған жоқ. Олардың денсаулығындағы ерекшеліктер әрі қарай өмірге бейімделуге жол бермейді деп санаған медицина балаларға арнайы  күтім көрсетуге енжар қарады. Балалардың шетінеп кетуі сала мамандары үшін де қалыпты құбылыс болып қала берді. Бұл стереотип медицинада сақталуының тамырына балта шапқан Пруссияның дәрігері Мартин Коуни еді. Бір қызығы –Мартиннің медициналық білімі болмаған.  Дегенмен ол әйгілі француз дәрігері Пьер-Констант Буденнің протежесі болуы мүмкін деген нұсқа бар.

novochag.ru

Коунидің қызметі оның атақты болуына жол ашты. Қоғам оны моральдық принциптерден мүлдем айырылған «жынды» немесе «құбыжық» деп лақап берді.  Коуниді айыптап, қорлайтындар тым көп болды. Балалардың тағдырын өлімнен арашалап жүрген кейіпкерді айыптаулардың тарихи мәні жоқтай.  Шала туылған нәрестелер үміті Коуни шала туылған нәрестелерді орналастырып, олардың өмірін сақтауға болатын арнайы инкубаторлар сатып алды. Сол заманда бұл құрылғы технологияның кереметі болды. Арнаулы инкубаторлар 1880 жылдары Парижде жасалғанымен кең таралмады. Алғашқы инкубаторлар шыны мен болаттан жасалған. Әрі бу қазандықтарымен жабдықталып, ыңғайлы температураны сақтау үшін қораптарға жылу берді. Сонымен қатар, оларда ылғалдылық пен температура реттегіштері болды. Бала сыртқы ортаға бейімделуге қиналатындықтан инкубаторлардың маңызы жоғары еді. Сәбилердің өмірін сақтау көп қаражатты талап етті. Яғни, күніне 15 доллар (бүгінгі бағамен – күніне шамамен 400 доллар) қажет болды.  Сондықтан Коуни жағдайдан стандартты емес жолмен шығуға шешім қабылдады. Тағдыр сақталатын инкубатория Дәрігер шала туылған балалармен шоу жасады. Мерзімінен бұрын туылған сәбилер оның инкубаториясында көпшілік назарына ұсынылды. Алғаш рет тірі экспонаттар Берлиндегі Халықаралық көрмеде 1896 жылы көрсетілді. Ол бірнеше рет өзінің коллекциясымен Еуропаның әртүрлі қалаларындағы бірқатар ірі іс-шараларда пайда болды. Адамдар инкубатордағы сәбилерді қызығушылықпен қарағандықтан  шоу өте танымал болды. Кіру билеттері үшін төленген ақшалары жабдықтың жұмысын қолдауға кетті. Дәрігер өз қамқоршыларына күтім жасау үшін қызметкерлерді мұқият таңдады. Оның аттракционында жұмыс істейтін әйелдер үлкен жауапкершілікпен ерекшеленуі керек еді. Олар тек балалармен ғана емес, сонымен қатар бөлмедегі тазалықпен де айналысты.  Келушілер тым көп болғандықтан, инкубаторияда тазалық сақтау тым қиын болды.

Коуни өзінің шәкірттерімен 1903 жылы АҚШ-та дебют жасады. Алғаш рет Бруклинде аттракционда шоу қонақтарды қабылдады. Американдықтар белгіленген мерзімнен бұрын туылған балаларды тамашалауға жиырма бес цент төледі. Коуни шоуы Ұлы депрессияға қарамастан, ХХ ғасырдың 40-жылдарының басына дейін болды. Мысалы, 1933-1934 жылдары инкубаторий Чикагоға сапар шекті. Жергілікті газеттер ерекше көріністі: «Мұнда сіз біртүрлі кішкентай тіршілік иелерін көресіз (бір уақытта 25 адам). Олардың бәрі толыққанды адам болатынына сену қиын. Экспонаттар ерлерге немесе әйелдерге емес, маймылдарға ұқсайды»,-деп жариялады. Қанша сорақы жазылса да, сол кездегі медицина мен  журналистер үшін бұл этикадан шығу емес еді. 

Жалған дәрігердің идеясы көптеген адамдарға азғындықтың шыңы болып көрінді. Дәл сол   уақыт кеңістігінде көптеген ерекше шоулар болды. Нарықта сұраныс бар болғандығы шығар, барлығының атағы жер жарып табысы мол еді. Коунидің шоуы біреулер үшін – қызық  болса, кей ата –анаға соңғы үміт еді. Келушілерден түскен қаражат клиникаларда аса қымбат ем түрін балаларға қолжетімді етті. Көптеген адамдар тірі экспонаттары бар аттракцион жұмысын тоқтату керек деп ұйғарды.  Инкубаторий дәрігерлер бас тартқан балаларға аман қалуға көмектесті. Белгіленген мерзімнен бірнеше апта бұрын туылған сәбилерге дәрігердің көмекшілері тіпті қуыршақ киімдерін кигізді.  Коуни «инкубатор дәрігері» деген лақап атқа ие болды. Балажан болғандықтан нәрестелердің даму барысы ол үшін қиын процесс емес еді. Медициналық қоғамдастық мүшелері  құрметсіздік танытқаны аздай  «шоумен» лақап атымен аталды. Ол 1950 жылы сексен жасында қайтыс болды. Өкінішке орай, қаһарманымыз артық ақша жинамағандықтан кедейшіліктің құрсауында қайтыс болды.  Коуни әдісіне қатысты қанша сын айтылса да,  6500 баланың өмірін  құтқара алды. Ең үлкен жетістігі –  еуропалық және американдық дәрігерлердің шала туылған балаларға деген көзқарасын өзгерте алды. Өткен ғасырдың 40-жылдары инкубаторий жабылған кезде ауруханаларда шала туылған нәрестелерге күтім жасау үшін арнайы бөлімдер пайда бола бастады.