Bugin

Қазақстан ҰҚШҰ-дан шыға ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҚР Сыртқы істер министрлігі еліміздің ҰҚШҰ-дан шығуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды. Бұл туралы Bugin.kz порталы ведмостваға сілтеме беріп хабарлайды.

Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығатынын жариялайды деген қауесеттер белсенді түрде тарады. Алайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан ұйымды құрудың бастауында тұрғанын және оның белсенді қатысушысы екенін мәлімдеді. Ал ҰҚШҰ-ға мүше болу еліміздің ұлттық мүддесіне толық жауап береді.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт оған мүше – мемлекеттер , соның ішінде Қазақстан үшін заңды түрде міндетті қауіпсіздік кепілдіктерін қарастырады. Сонымен қатар, ҰҚШҰ аясында халықаралық лаңкестікке, заңсыз көші-қонға, есірткінің заңсыз айналымына, трансшекаралық қылмысқа, ақпараттық саладағы қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру дағдылары қалыптасуда. Осылайша, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады, еліміздің ҰҚШҰ-ға қатысуы Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарында көзделген. Тұтастай алғанда, Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығу мүмкіндігін қарастырмай отырғанын біржақты түрде айтуға болады», - деді ҚР СІМ.

Бұған дейін Армения Әзірбайжанмен арадағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты ҰҚШҰ-дан көмек сұрайтыны хабарланған болатын.