Қоғам

Ресейлік маньяк Қазақстанда 12 жыл жасырынған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

«Форточник» лақап аты бар омбылық маньяк 12 жылдан астам уақыт бойы полициядан жасырынып келген. Оған қатысты қылмыстық іс сонау 2010 жылы «Зорлау» бабы бойынша қозғалып, кейіннен оның бірқатар қылмыстарға қатысы бар екеніанықталған. Ол терезе арқылы құрбандарының пәтеріне енгендіктен осындай лақап ат алған. Бұл туралы bugin.kz порталы «Город 55» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

12 жыль бойы із суытқан маньяк Қазақстанға жасырынған. Биыл ғана Ресейге оралғанда құрықталған. Белгілі болғандай, 2012 жылғы соңғы зорлау оқиғасынан кейін елімізде күдіктінің ізі жоғалып кеткен. Мұнда ол ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан.

«Ұсталғанның айтуынша, ол Қазақстанда ұрлық жасаған, сол үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазасын өтеп, біраз уақыттан кейін Омбыға қайтуды ұйғарады. Қазір бұл мәліметтердің барлығы тексеріліп жатыр», - деді Омбы облысының тәртіп сақшылары.

Туған жерге оралған «Форточник» тағы да біреудің мүлкін ұрлап, қылмыс болған жерде белгілі бір затты қалдырған. Криминалист ғалымдар одан іздер тауып, маньяктың ДНҚ-сына сәйкес келетін генотипті анықтады.

Күдікті қазір түрмеде отыр. Жергілікті полиция тергеу жүргізіп жатыр. Тергеушілердің мәліметінше, ұсталған адам осы жылдар ішінде Омбы облысында әйелдерді 8 зорлау ісіне қатысы бар.