Bugin

Қайрат Сатыбалды сот басталмас бұрын Самат Әбішпен сөйлесті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бүгін Астанадағы Байқоңыр аудандық сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды. Сот процессі ашық - онлайн режимде өтіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайрат Сатыбалды отырысқа қорғаушысымен бірге ЕЦ166/1 мекемесінен Zoom конференциясы арқылы қосылды.

Оған Қылмыстық кодекстің «Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Сот отырысы басталмас бұрын Қайрат Сатыбалды отбасы мүшелерімен сөйлесті.

«Самат, қалайсың? Самат, ағаның (Н.Назарбаевтың – ред.) қасында бол әрқашанда. Бәрін істе, онымен кеңес, жарай ма?», - деді Қайрат Сатыбалды інісіне.

Ағасының сұрақтарына жауап берген Самат Әбіш бауырын сағынғанын айтты.