Өнім

Қостанай облысындағы өрт себебі анықталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрттің шығуына адам факторы себеп болғанын мәлімдеді. Бірақ қасақана ма, әлде кездейсоқ па – оны тергеу органдары анықтайды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Адамның кінәсін тек сот дәлелдей алады. Табиғи жану, яғни найзағай разрядтары деген нұсқаны біз қарастырмадық, өйткені іс жүзінде ол жоқ еді. Жедел топпен бірге ұшып келген бетте, біз бір жарым шақырым жерде орналасқан бірнеше өртті тіркедік. Лаулаған от жанғыш материал шашқаннан туындауы екіталай», - деді министр Ильин.

Сонымен қатар, министр өрт сөндірушілердің жалақысы 40 пайызға көтерілетінін атап өтті. Мұны ағымдағы жылдың қазан айында, яки келесі жылдың қаңтарынан күткен жөн. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі бұл мәселені Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен пысықтап жатыр.