Әлем

Депутат шекаралық аймақ тұрғындарына қару беруді ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қырғызстан парламентінің депутаты Улан Бақасов шекаралас аймақтардың тұрғындарына қару беруді ұсынды. -деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Депутаттың бастамасы бойынша 20 жасқа толған азаматтарға сыртқы қауіп төнген жағдайда оны қолдану құқығымен қару берілуі керек. Бірақ олар қарумен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін оқып, сынақтан өтуі тиіс.

Депутаттың айтуынша, Баткен облысының шекаралас аудандарындағы халық саны – 132  мың адам, шаруашылықтар саны – 26,4 мың. Мемлекеттік шекараның делимитациялануына байланысты жергілікті тұрғындарға үнемі шабуыл қаупі төніп тұр.