Өнім

Си Цзиньпиннің қамауға алынғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бейжің әуежайы 6000-нан астам ішкі және халықаралық рейстерді тоқтатты.  Тіпті теміржол билеттерін сатып алу, поездардың ел ішінде аймақтарға қатынауы тоқтатылды. Бұл туралы tfiglobalnews.com сайтында ауқымды материал жарияланды. Bugin.kz порталы материалды аударып ұсынады.

Соңғы екі жылда Қытай төрағасы Си Цзиньпин өзге елдерге іс-сапар жасамай Бейжиңде болды. Бірде-бір әлемдік көшбасшымен кездесу яки халықаралық ұйымдармен келіссөз жасамады. Алайда, 14 қыркүйекте ол Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін ШЫҰ-на мүше мемлекет басшылары кеңесінің 22-ші саммитіне қатысты.

Бірақ Қытай басшысы ШЫҰ-ның негізін қалаушылардың бірі болғанымен, саммитке белсенді қатыспады. Саммиттің ашылуында есте қаларлық сөз сөйлемеді. Владимир Путинмен, Нарендра Модимен және ұйымға мүше басқа да ірі мемлекет басшыларымен кездеспеді.

Сонымен қатар, ол «COVID-19-ға қатысты тәуекелге» байланысты Путинмен бейресми түскі ас ішкен жоқ. Кейінірек Си Цзиньпин ШЫҰ саммиті ресми жабылар алдында Бейжіңге кеткені белгілі болды. Мүмкін ол «құбылмалы жағдаяттан» қорққан болар?

«Бейжің жариялаған жаңалық әлемді дүр сілкіндіруі мүмкін. Әлемдік ақпарат құралдары Си Цзиньпиннің басында қандай күндер өтіп жатқанын білмейді. Шынын айтсақ, әзірге басшының билікте қалуын қалайтындар оның үшінші мерзімге сайлануын ұмытса болады.  ҚКП ардагерлері оның билікке деген құмарлығын басып үлгерген сияқты»,-деп бір қатар әлемдік БАҚ болжам жасауда.

News Highland Vision хабарлауынша, Қытайдың бұрынғы төрағасы Ху Цзиньтао мен Қытайдың бұрынғы премьер-министрі Вэн Цзябао Тұрақты комитеттің бұрынғы мүшесі Сон Пинді Орталық күзет бюросын (CGB) бақылауды қалпына келтіруге көндірген.

Білмейтіндер үшін ЦГБ-ның мақсаты Саяси Бюроның Тұрақты комитетінің мүшелері мен ҚКП-ның басқа басшыларын күзетшілермен қамтамасыз ету. Комитет Си Цзиньпинді қорғауға да жауапты.

Ху мен Вэн ЦГБ бақылауын қалпына келтіргенде, ақпарат Цзян Цзэнге және Бейжіңдегі Орталық Комитет мүшелеріне телефон арқылы жеткізілген.Тұрақты комитеттің бастапқы мүшелері Сидың әскери билігін сол сәтте жойған.

Си Цзиньпин жағдаятты білгеннен кейін 16 қыркүйек күні кешке Бейжіңге оралады. Бірақ Си Цзиньпин әуежайда ұсталып, қазір Чжуннанхайдың үйінде үй қамауында отыр.

Қазіргі жағдай Ху Цзиньтаоның бақылауында. Хабарларға қарағанда, бұл Қытайда 2019 жылы коронавирус шыққаннан бергі ең үлкен оқиғалардың бірі. Соңғы он күнде саяси кездесулер жабық есік жағдайында құпялық саясатымен өтті. Міне, сол соңғы он күннің қысқаша мазмұны:

8 қыркүйекте реформа комитетінің қорытынды отырысына төрағаның екі орынбасары басшылық еткен. Операция департаментінің төрағасы Си жақтастарын жиналыстан шеттеткен.

Енді Си Самарқандта болғанда, Ху мен Вэнь Сун Пинді кездестіріп, оны үшінші билік мерзіміне барғалы жатқан Си Цзиньпинге қарсы партия болуға көндіреді. Пин бұған келіскендіктен Си президентті CGB күзетшілерімен құрықтаған.

ҚКП-ның бұрынғы жетекшілері Си Цзиньпиннің жақтастары президентті үй қамауынан құтқару үшін агрессия қолданатыны сөзсіз деп болжаған. Дәл осы жерде Ли Цяоминг оқиғаға өзгеріс енгізеді.  Енді Цяомин Пекинді әскери бекініске айналдырды. 80 шақырымдық үлкен колонна Бейжіңге кірді және барлық шығу жолдарын жауып тастаған. Дереккөздің айтуынша, тас жолдарды жауып тастап, наразылық білдірушілерді қамауға алуда.

Қытайлық желі қолданушылары Бейжіңді әскерилер басып алынғаны туралы хабарлама таратуда. Бірақ әлем не болып жатқанын білмейді, өйткені қала әлемнен ажыратылған.