Өнім

Си Цзиньпин қайда кетті: Қытайды кім билеуі мүмкін?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қытайда қазір саяси жағдай өзгеруде. Бұл туралы bugin.kz порталы tfiglobalnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бейжің жариялаған жаңалық әлемді дүр сілкіндіруі мүмкін. Әлемдік ақпарат құралдары Си Цзиньпиннің басында қандай күндер өтіп жатқанын білмейді. Шынын айтсақ, әзірге басшының билікте қалуын қалайтындар оның үшінші мерзімге сайлануын ұмытса болады.  ҚКП ардагерлері оның билікке деген құмарлығын басып үлгерген сияқты»,-деп бір қатар әлемдік БАҚ болжам жасауда.

Си Цзиньпин Самарқандтағы саммиттен оралған соң үйқамаққа алынған. Қазіргі жағдай Ху Цзиньтаоның бақылауында.

Келесі басшы генерал Ли Цяоминг болады деп күтілуде.   Цяомин әзірге Пекинді әскери бекініске айналдырды. 80 шақырымдық үлкен колонна Бейжіңге кірді және барлық шығу жолдарды жауып тастаған. Тас жол, әуе қатынасы, теміржол – бәрі де тоқтатылған.  Қытайлық желі қолданушылары Бейжіңді әскерилер басып алынғаны туралы хабарлама таратуда. Бірақ әлем не болып жатқанын білмейді, өйткені қала әлемнен ажыратылған.

Ли Цяомин  1961 жылы сәуірде Хэнань провинциясының Янши қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Халық азаттық армиясының қатарына қабылданған. 361-ші полктің бастығы, 364-ші полктің командирі, 124-ші полктің командирі, дивизия бөлімшесінің бастығы қызметтерін үнемі атқарған. 42-ші армия тобына, ал 42-ші армияға 124-ші дивизияға командирі қызметін атқарған.