Өнім

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер Павлодарда ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Павлодар полицейлері бір тәулікте 13 қылмыскерді ұстады. Олардың арасында халықаралық іздеуде жүргендер де бар. Бұл туралы bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.

 «Павлодарда 21 жастағы жігіт ұсталды, оған тамыз айында Ресей полициясы халықаралық іздеу жариялаған. Ол Омбы облысында алаяқтық жасаған. Ол қамауда отыр. Ақсуда сонау 2016 жылы Ресей Федерациясының Иваново қаласында қарақшылық шабуыл жасаған 41 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды», - деп келтіреді Pavlodarnews.kz тілшісіне криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Ертіс қаласында полицейлер есірткіні заңсыз сатып алып, сақтағаны үшін іздеуде жүрген 69 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Ол қылмысты 2014 жылы Омбы облысының аумағында жасаған. Содан кейін ер адам қылмыстық қудалаудан қашып кеткен.

Сондай-ақ, полиция 4 маусымнан бері туыстарымен хабарласпаған 53 жастағы азаматтың жүрген жерін анықтады. Осы уақыт бойы ол Ерментаудағы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істегенімен, туыстарына ескертуді ұмытып кеткен.