Bugin

Енді Тұңғыш Президент күні атаулы мереке емес

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңда 1 желтоқсан Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау қарастырылған.

Сондай-ақ 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгіленеді. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болады.