BUGIN

Сенбілік - тазалық таразысы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Тазалық жұмыстары студенттерді еңбекке тәрбиелеу ғана емес, көше тазалығының сақталуы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Бұл жолғы тазалық шарасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастырылуымен өтті. Ұстаздар қауымы, студенттер, магистранттар, докторанттар сенбілікке белсене қатыстып, бір кісідей ат салысты. 

Білім ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қалашық аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде университет аумағы қоқыстан тазартылды. Оған қоса, ағаш түптері ақталды. Сонымен қатар, әр факультеттің студенттері өздерінің оқу корпустары мен жатақханаларының айналасында тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл шара табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және оқу ордасының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Түптеп айтқанда, жалпықалалық сенбілік серпінді өтті деуге негіз бар. 

 

Гүлжан Болатова, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 

Жалғас Иманалиев, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.