Bugin

Доллардың ресми бағамы айтылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 3,78 теңгеге төмендеп, 472,92 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 15-17 қазандағы ресми бағамы - 476,89 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 474,94 теңге, сату – 478,63 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 473,89 теңгеден сатып алынып, 477,94 теңгеден сатылып жатыр.