Bugin

«Назарбаев резиденциясының» орнына жаңа саябақ салынатын болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматыдағы президент резиденциясының орнына саябақ салынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

Әкімнің айтуынша, ол қоғамдық кеңістіктің жаңа концепциясын президентке таныстырған. Тоқаев өз кезегінде бұл ұсынысты мақұлдаған. 

Сондай-ақ, Досаев Алматы әкімдігінің ғимараты қашан қалпына келтірелетінін айтты.

«Әкімдікті қалпына келтіру мерзімі наурыздың аяғына жоспарланып отыр. Сол кезде әкімдікті бір орынға жинауға болады. Қазір басқармалар қала бойынша шашырап жатыр. 1 ақпаннан бері бірге жұмыс істмедік», - деді әкім.