Әлем
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Мадлен Олбрайт - АҚШ тарихында Мемлекеттік хатшы лауазымын алған алғашқы әйел. Ол әлемнің есінде жалғыз осы мансабымен ғана емес, мемлекеттік хатшы ретінде өз позициясын білдіретін ерекше түйреуіштерімен (брошьтарымен) есте қалды. Мадлен кеудесіне таққан брошь арқылы іскерлік кездесу барысында әңгімелесушіге және айналасындағыларға белгілі бір хабарлама берді. Оның көмегімен бір нәрсені меңзеп қана қоймай, Ақ үйдің позициясын тікелей жеткізе алды. Ендеше ерекше позициясымен есте қалған Мемлекеттік хатшы лауазымын алған алғашқы әйелдің өмірдерегі мен түйреуіштерінің мәніне тоқталып өтсек.
Мадлен Олбрайтты көбіне брошьтардың дипломатиялық тілін жасаған саясаткер деп атайды. Ол бірнеше беттік сөзден гөрі, кішкене безендіру арқылы көп дүниені түсіндіріп айта алады.
Мемлекеттік хатшы лауазымын алған алғашқы әйел Мадлен Олбрайт 1963 жылы Прагада дүниеге келген. Оның әкесі Чехословакияда әйгілі дипломат болған. Үшінші рейх Чехословакияны басып алған кезде, отбасы алдымен Ұлыбританияға, содан кейін Америка Құрама Штаттарына қуғынға ұшыраған. Мадлен чех тілінен басқа поляк, ағылшын, орыс және француз тілдерін жетік меңгерген.
Дипломат Колумбия университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Студент кезінде «Прага көктеміне» арналған ғылыми жұмыс қорғаған. Оның мұғалімдері арасында президент Джимми Картердің болашақ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Збигнев Бжезински болды. Кейінірек ол шәкіртін конгресстің байланыс офицері ретінде жұмысқа шақырды.
Олбрайт саясатқа студент кезінен бастап араласты. 1980 жылдардан бастап ол Демократиялық президенттік науқандардың мүшесі болып, сыртқы саясат бағытында жұмыс істеді. Демократ Билл Клинтон 1993 жылы президент болғаннан кейін Олбрайтты БҰҰ жанындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты өкілі қызметіне тағайындады. Ол брошь тілінің тарихын сол жылдан бастады.
Олбрайт американдық саяси Олимптың негізгі тұлғаларының бірі болды, өйткені ол сыртқы саясатқа жауапты бодды. Оның халықаралық қатынастар саласындағы билігінің кезеңі он жылға созылды.
1997 жылы Олбрайт теңдік бар екенін дәлелдейтін лауазымға ие болды. Ол АҚШ-тың Мемлекеттік хатшы лауазымын алған алғашқы әйел болды.
Олбрайт өз елі үшін нақты шешімдер қабылдай алатын батылдығымен әрі іскерлігімен, мықты саясаткер ретінде есте қалды. Ол НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюін жақтады және Польшаның альянсқа кіруін құптады, НАТО-ның 199 жылы Косоводағы қақтығысқа кіру туралы шешімін қолдады. Саясаткер ядролық қарудың таралуына қарсы болды және жаһандық климаттың өзгеруі бойынша Киото хаттамасына қол қоюды жақтады. Сондай-ақ Олбрайттың арқасында Америка Құрама Штаттары мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынас қалыпқа келді.
Мадлен 2001 жылы Мемлекеттік департаменттің басшысы қызметінен кетті. Саяси мансабы аяқталғаннан кейін Олбрайт ханым Вашингтондағы Ұлттық демократиялық халықаралық істер институтын басқарды және Джорджтаунда сабақ берді. Ол өзінің білімі мен тәжірибесін өмірден өткенше ізбасарларына үлестірді. Мадлен Олбрайт 2022 жылдың наурыз айында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды.
Мадлен Олбрайттың түйреуіштері (брошь). Ол оның көмегімен жаңа дипломатиялық тілді жасады
Жылан
Жаңа дипломатиялық тіл «бұрын-соңды болмаған жыланнан» басталды. Мадлен Олбрайтқа бұл лақап атты Ирак журналистері қойды. Себебі ол Саддам Хусейнді ашық сынап, Иракқа қарсы санкцияларды жақтаған еді.
Бұл лақап ат Мадленнің зергерлік қорабында жылан түйреуіш бар екенін еске түсірді. Ол 1993 жылы Ирак дипломаттарымен кездесуде осы түйреуішті басты аксессуар ретінде тақты.
Саясаткер келіссөздерден кейін сыртқа шыққанда тілшілердің бірі оның неге жылан бейнеленген брошь таққанын сұрады. Бүкіл камера Олбрайтқа қарай бет бұрды, сол сәтте ол жәй ғана күлімсіреп, бұл оның хабарды жеткізу тәсілі екенін айтты. Осы оқиғадан кейін ол дипломат ретінде позицияларын білдіру үшін түйреуіштерді қолданамын деп шешкен.
Көк құс
Көк құс түйреуіші - ұшақ апатынан қаза тапқан бейбіт тұрғындарды аза тұту символы
1996 жылы қайғылы оқиға болды: Флорида мен Куба арасында ұшқан екі ұшақты жақын маңдағы диктаторлық Кубадан келген жауынгерлер атып түсірді. Осы сәтте Олбрайт үнсіз қалмады: «Бұл олардың қорқақтығы» - деп үн қатты. Қара костюм киген Олбрайт орын алған оқиғаға өте шулы зергерлік бұйымды таңдады. Саясаткер күртешесінің етегіне көк құс пішініндегі гауһар тасты брошь қадады. Ал оның басы төмен қараған еді. Бұл бір уақытта бейбіт ұшақтың құлағанын және қаза тапқан жазықсыз адамдардың азасының көрінісі.
Төбесі сынған әйнек
Төбесі сынған әйнек - стереотиптердің жойылуының символы
1997 жылы АҚШ-тың саяси әлемінде нағыз төңкеріс болды: ел тарихында алғаш рет мемлекеттік хатшы болып әйел адам сайланды. Тағайындалуына орай саясаткер ерекше зергерлік бұйым тағып келді.
Ол американдық зергерлік бұйымдардың әйгілі дизайнері Вивиан Шимоямадан Төбесі сынған әйнек пішініндегі брошь сатып алды. Ол осылай әйелдер тарапына жасалатын кей кедергілерді жеңіп, стереотиптерді жоя алды. Бұл брошьті Олбрайт ханым 2015 жылы тағы да тақты. Осылайша ол Хиллари Клинтонның президенттік сайлауға түсу ниетін қолдады.
Қыран
Мадлен Олбрайт 1997 жылы ант беру рәсіміне «Қыран» түйреуішін таңдады.
Ант қабылдаған күні саясаткер Американың ұлттық символы – таз қыран түріндегі сирек кездесетін көне түйреуішті таңдады. Брошь өте тартымды болды.
Құстың кең қанаты мен көзқарасы Мемлекеттік департаменттің басшысы Мадлен Олбрайттың қандай болатынын көрсетті.
Бейбітшілік көгершіні
Бейбітшілік көгершінін Мадленге Израиль премьер-министрінің әйелі сыйға тартты
Бұл брошь саясаткердің ең сүйікті зергерлік бұйымдарының бірі болды. Бұл өлтірілген Израиль премьер-министрі Ицхак Рабиннің әйелі Лия Рабиннің тартуы еді. Олбрайт Таяу Шығыс туралы айтқан сайын осы брошьты тағатын.
Үш маймыл
1999 жылы американдық Time басылымы кезекті санында Мадлен Олбрайт, Билл Клинтон және Уильям Коэн (қорғаныс министрі) бейнеленген фотосуретті түйреуішке орналастырды. Саясаткерлер аузын, құлағын және көзін қолымен жауып тұратын үш маймыл фигурасына пародия жасады. Бұл сурет «Мен ештеңе көрмеймін, ештеңе естімеймін, ешкімге айтпаймын» деген тақырыппен жақсы таныс болды.
Уильям Коэн, Билл Клинтон және Мадлен Олбрайт. Әйгілі Үш маймылға пародия