Bugin

Қазақстанда дрондардың ұшуына тыйым салатын аймақтар заң жүзінде белгіленеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

2023 жылы қабылданады деп жоспарланған Қазақстан әуе кеңістігін пайдалану туралы заңнама негізінен ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) ұшуына шектеулер енгізуді қарастырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Авиациялық әкімшілігі Ұшқышсыз авиациялық жүйелер департаментінің директоры Владимир Кошманов ҚР әуе кеңістігінде ҰҰА-ларды пайдалану ережелері 2021 жылдың қаңтарында өз күшіне енгенін атап өтті. Қазір авиациялық әкімшілік және азаматтық авиация комитеті заңнамаға енгізілетін түзетулер мен өзгерістерді әзірлеп жатыр.

«Негізінен, түзетулерге сәйкес, әуе кеңістігін пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Екі санат айқындалып, енгізіледі: тыстан басқарылатын кемелер үшін арнайы аймақ және дрондар үшін ұшуды шектеу аймағы. Бұл халқы тығыз орналасқан аудан қай жерде және қандай нысандардың үстінен ұшуға болмайтынын жақсылап түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, ұшу шектелген аймақтарға әуежайлар, аса маңызды инфрақұрылым объектілері немесе мемлекеттің күзетіндегі нысандар территорияларының үсті жататын болады. Алматыны алатын болсақ, мәселен әуежай, Боралдай әуеайлағы, ЖЭО, зауыттар, стадиондар мен ГЭС үстінен ұшуға болмайды», - деді Владимир Кошманов.

Қошмановтың айтуынша, түзетулер енгізілетін заң жобасын 2023 жылдың бірінші тоқсанында қабылдау жоспарлануда.