Өнім

Тұңғыш Президент туралы Заң неге күшін жоймады? - Әділет министрі жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш Президент туралы Заңның неге әлі күнге дейін күшін жоймағанын түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Елбасы және қызметі жайлы тек аталмыш заңда ғана жазылмаған. Сол себепті заңнамаға өзгерістер енгізу үшін егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет.

«Тұңғыш Президенттің мәртебесі туралы заңға келетін болсақ, Елбасына қатысты барлық нормалар Конституциядан алынып тасталғаны белгілі. Дегенмен мәселе мынада: Бірінші Президент туралы және оған сілтеме жасайтын нормалар сіз айтып отырған заңда ғана емес, басқа заңдарда да көрсетілген», - деді Қанат Мусин.

Әділет министрі мұндай заңдардың саны 10-нан асатынын айтады. 

«Сондықтан бұл жұмыс біраз уақытты қажет етеді: талдап, жалпылама қарап, содан соң шешім қабылдау қажет. Уақыт өте келе ол да іске асады. Заңдарында осындай ескертуі бар бейінді мемлекеттік органдар жұмысты қолға алады. Заң әлі Парламентке берілмеді», - деді ол.

Еске сала кетейік, 5 маусымда референдумда қазақстандықтар Конституцияға 56 түзетулер енгізуді мақұлдады. Оның ішінде Назарбаев туралы Негізгі Заңда тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Тұңғыш Президент туралы айтылғанын жоққа шығарды.