Bugin

Алматы облысында 13 жасар қыздың асқазанынан 1,5 келі шаш шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы облысы Карасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының дәрігерлері 13 жастағы қыздан «асқазанның трихобезоары» диагнозын анықтап, асқазанынан салмағы 1,5 келі шашты алып тастады. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ауруханаға асқазан ауруына шағымданған науқасты тексеру барысында дәрігерлер қозғалмалы массаны анықтаған. Асқазанға фиброгастродуоденоскопия жасау кезінде диагноз толығымен расталған.

Трихобезоар ауруы асқазанға шаш, жүн түскен кезде пайда болады. Көбіне шашты, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнау және жұту сияқты зиянды әдеті немесе патологиялық бейімділігі бар балаларда кездеседі. Соның салдарынан ол асқазандағы тамақпен араласып, «шаш ісігі» пайда болады.

Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының тәжірибелі хирургтары Мәулен Малғаждаров және Максим Стадников науқасқа дер кезінде ота жасап,  асқазанынан салмағы 1,5 келі болатын, өлшемі 20×30 см трихобезоарды алып тастады. Шашты алып тастағаннан кейін науқастың психоэмоционалды жағдайы жақсарып, ауырсыну синдромы басылды. Қазіргі уақытта науқас хирургиялық бөлімде емделіп жатыр.