Bugin

Петропавлда 21 жастағы қызметкер жұмыс орнында қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Петропавлда жылу электр орталығының қызметкері өндіріс орнында жарақат алып, қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің өндірісінде ҚР ҚК-нің 156-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары бар.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында 5 қараша күні Петропавл 2-ЖЭО аумағында жұмыс орнында болған 21 жастағы монолитшінің өндірістік жарақат алғаны анықталды. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Ол 7 қараша күні алған жарақаттарынан қайтыс болды» делінген хабарламада.

Сайт мәліметінше, сол күні аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды. Ал қазіргі уақытта істің мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.

Сондай-ақ хабарламада жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалатыны айтылған.