Bugin

Жекпе-жектен соң ауруханаға түскен қазақ боксшысына Тоқаев қолдау жеделхатын жолдады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді.

«Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіспен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салсақ, 6 қарашада АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельмен (7- 0,6 КО) жұдырықтасты. Отандасымыз соңғы раундта ауыр нокаутқа түсті.

Осы жекпе-жектен кейін Айдосты зембілмен алып кетті. Ал ауруханада миына қан құйылып кеткені анықталды. Боксшы жасанды комаға түсті. Кейін Suleimen Promotions өкілдері 30 жастағы спортшының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ екенін мәлімдеді.

Соңғы ақпарат бойынша Айдостың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.