Әлем

Ыстамбұлдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ыстамбұлдағы жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Жарылыстан кейін біздің дипломаттарымыз түрік билігімен байланысқа шықты, түні бойы дипломаттарымыз кезекшілікте болды. Зардап шеккен азаматтарымыздың арасында жоқ», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, жексенбіде Ыстамбұлдың басты туристік көшесі саналатын Истиклалдағы жаяу жүргіншілер жолында жарылыс болып, салдарынан алты адам қаза тапқан. Ыстамбұлдың Бас прокуратурасы оқиғаны тергеуді бастады.