Әлем

Украина Қырымды соғыссыз қайтарып алуға уәде берді: Ол қалай іске асады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Украина соғыс ашу салдарынан туындаған Ресейдегі дағдарысты ескерсек, Киев Қырымды соғыссыз алатынын аңғаруға болады. Бұл жөнінде Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Министр әскерінің Днепр маңында екенін айтып, Қырымға жоғары мобильді артиллериялық зымыран жүйелерімен (HIMARS) және басқа да қару түрлерімен соққы жасай алмайтынын мойындады. Бұған дейін Bloomberg агенттігі Херсонды азат ету арқылы Украина  Қырымға бірден басып кіре алмайды деген болатын. Шекарадағы қорғаныс Қырымға кіретін Украина әскері үшін айтарлықтай тойтарыс болары анық.

Украина Қарулы Күштері Херсоннан 100 шақырымдай жерде орналасқан Қырымға апаратын «құрлық көпірін» бақылауға алады. Әңгіме Херсон-Армянск, Херсон-Мелитополь және Мелитополь-Джанкой жолдары туралы болып отыр.

Қорғаныс министрінің кеңесшісі Сергей Кузанның айтуынша, Херсон облысы «әскери тұрғыдан алғанда стратегиялық маңызды аймақ, өйткені ол бізге Қырымнан ресейліктер жеткізу желісі ретінде пайдаланатын жолдарды бақылауға мүмкіндік береді».

«Бұл ресейлік күштерге бағытталған өте үлкен соққы болады», - деді ол.

Резников басқыншылар шегінгенде «Каховская» су электр станциясының үлкен бөгетін жарып жіберуі мүмкін деген ойды «ақымақтық» деп атады.

«Егер сіз аймақтың ландшафтына қарасаңыз, батыс жағалауы биік, ал шығыс жағалауы төменірек жер екенін көресіз», - деді ол.