Әлем
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қытай Ресейдің G20 және басқа да халықаралық форумдарға қатысу құқығын қолдайды. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрі Ван И Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы The Moscow Times орыс қызметіне сілтеме жасап.
«Біз Ресейдің G20 және басқа да халықаралық форумдардағы лайықты рөлін қолдаймыз және Ресейдің көпжақты форматтарға қатысу мүмкіндігін ешкімнің тартып алуға құқығы жоқ деп санаймыз», - деді Ван И ресейлік министрмен екіжақты кездесуде.
Ресейді G20-дан шығару мәселесін бір күн бұрын Жоғарғы Рада депутаттары көтерген. Бастама авторларының бірі Украина парламентінің төрағасы Руслан Стефанчук болды.
«Үлкен жиырмалықтың барлық халықтың игілігі үшін әлемдік экономиканың тұрақты, теңгерімді және инклюзивті өсуін, дамуын қолдаудағы маңызды рөлі бар. Сондай-ақ әлем мемлекеттерінің әл-ауқаты олардың бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетіне тікелей байланысты болады. Осыны ескере отырып, Украинаның Жоғарғы Радасы «20-лық тобына» Ресей Федерациясын жоғарыда аталған критерийлердің ешқайсысына жатпайтын мемлекет ретінде қарастырып, тізімнен шығаруды сұрайды және мемлекеттерге үндеу жолдайды», делінген құжаттың түсіндірме хатында.
Ресейді G20-дан шығару туралы ұсыныстар Украинадағы соғыс басталғаннан бері бірнеше рет айтылды. Бұл туралы көктемде АҚШ президенті Джо Байден мен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо айтқан. Кейінірек АҚШ Қаржы министрлігінің басшысы Джанет Йеллен бұл қадамды жасау мүмкін емесін айтты. Өйткені G20 мүшелері арасында аталған мәселе бойынша келісім жоқ.
Наурызда Польша билігі G20-да Ресейдің орнына өз елінің кандидатурасын ұсынды. Ол кезде де Қытай бұл идеяға қарсы болды.
Қазан айында Ресей астық келісіміне қатысуды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде, Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді G20-дан шығаруға шақырды. Бірақ Мәскеу қайтадан келісімді орындай бастаған соң, мәселе бірнеше күннен кейін шешілген еді.