Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды. Оған қатысты іс «аса құпия» деген белгімен қаралып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 18 қарашада Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды», - дейді елорда сотынан.
Еске сала кетейік, биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылған еді.
Сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі («Мемлекетке сатқындық») бойынша К.Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ 6 қаңтар күні қылмыс жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.