Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау алдындағы тыныштық қарсаңында үміткерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Сайлау» туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат сайлау болатын күннің алдында жергілікті уақытпен сағат 00:00-де аяқталады. Осылайша, бүгін – сайлауалды үгіттің соңғы күні.
«Сайлау процесіне қатысушылардың назарын, ертең, яғни 19 қараша – тыныштық күні екеніне аударғым келеді. Яғни бүгін түнгі сағат 00:00-ден сайлау күніне дейін тыныштық күні жарияланады. Осыны есте сақтаңыздар» - деді Н. Әбдіров Орталық сайлау комиссиясында өткен жиналыста.
Тыныштық күні сайлауалды үгіт-насихатпен байланысты кез келген іс-әрекетке тыйым салынады және ол үшін заңнама мен құқық жауапкершілігі көзделген.
Бүгінгі ОСК отырысында осы мәселелер бойынша уәкілетті және қадағалау органдарының ақпараты тыңдалды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров ҚР президенттігіне кандидаттардың БАҚ-та жүргізген сайлауалды үгіт қорытындыларын баяндады.