Bugin

«Жәрдемақы өседі» : Премьер-министр жаңа қаулыға қойды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 8,5 пайызға арттыру жүргізілсін» делінген қаулыда.

Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіліп, ресми жариялануға тиіс.