Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Еліміздің 15 өңірінде кезектен тыс президент сайлауы басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Атап айтқанда, Абай облысында – 475, Ақмола облысында- 717, Алматы облысында – 606, Шығыс Қазақстан облысында – 537, Жамбыл облысында – 493, Жетісу облысында – 447, Қарағанды облысында – 642, Қостанай облысында – 745, Павлодар облысында – 528, Солтүстік Қазақстан облысында – 640, Түркістан облысында – 919, Ұлытау облысында – 136, Астана қаласында – 406, Алматы қаласында - 600, Шымкент қаласында 311 сайлау учаскесі жұмысына кірісті.
Ал қалған 5 өңірде, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-де, астана уақытымен сағат 08-00-де басталады.
Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.