Bugin

Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімов сотына қатысты пікір білдірді (видео)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Holanewskz instagram парақшасына сілтеме жасап.

Желідегі бейнежазбада журналист бұрынғы президент Назарбаевқа: «Кәрім Мәсімов көп жыл бойы сіздің адамыңыз болды ғой. Оның соты жайлы не айта аласыз? Расымен кінәлі деп танылса, артында кім тұр деп ойлайсыз?»- деп сұрады.

«Мен де тергеу мен соттың аяқталуын күтемін. Мұның себебі неде екенін және оның артында кім тұрғанын білу өте қиын. Мәсімов менімен көп жыл бойы жұмыс істеді. Бірақ Иса Мәсіх жанында жүрген Яһуданың сатқын екенін білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сондықтан не болатынын сот аяқталған соң көреміз және сол кезде бәріміз шындықты білеміз деп ойлаймын», - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.