Bugin

Walmart дүкендер желісінің бірінде атыс болып, 7 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Вирджиния штатының Чесапик қаласындағы Walmart дүкенінде белгісіз біреу оқ жаудырды. Бұл туралы сейсенбі күні полиция мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы voanews.com сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға сейсенбі күні кешкі сағат он шамасында болған. Дүкен меңгерушісінің формасын киген шабуылшы қызметкерлер отырған бөлмеге кіріп, оқ жаудырған.

Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Супермаркеттің айналасы қоршауға алынған. Ғимараттың жанында 40-қа жуық жедел жәрдем, полиция және төтенше жағдайлар қызметі бар. Жергілікті тұрғындардан қайғылы оқиға болған жерге жақындамауды сұрайды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті жалғыз әрекет еткен.

"Чесэйк дүкеніндегі қайғылы оқиға бізді таң қалдырды... Зардап шеккендер үшін, қала тұрғындары мен қызметкерлеріміз үшін дұға етеміз" делінген Twitter-дегі хабарламада.